Біздің өміріміз

Бөлісу

Республиканың бас шыршасы қашан жағылатыны белгілі болды

Республиканың бас шыршасы қашан жағылатыны белгілі болды

       Елорда әкімдігі ауқымды Astana Muz Fest 2022 фестивалін өткізуге дайындалып жатыр, шара аясында еліміздің бас шыршасы жағылады. Шырша EXPO көрме орталығында орналасады.

       Жаңа жыл қарсаңында қала билігі ұйымдастырған фестиваль тура бір аптаға созылмақ.  Ресми ашылуы EXPO көрме орталығының алаңында өтеді. 

       "19 желтоқсан күні сағат 18:00-де шарада еліміздің бас шыршасы жағылады, кеш қазақстандық әртістердің, хордың, Аяз ата мен Ақшақардың өнер көрсетуімен жалғасады. Астана қонақтары мен тұрғындарына "Ғажайыптар түні" ертегі мұз шоуы ұсынылады. Сондай-ақ, фестивальдің ашылуында "әлем халықтарының ертегілері" тақырыбында мұз мүсіндері байқауының жеңімпаздары марапатталады. Жарықтандырылған мүсіндер фестиваль басталғанға дейін 3 күн бұрын салынады", - делінген Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через