фото: https://sputnik.kz
Республикалық маңызы бар автожолдарда қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 500 техника жұмылдырылды, деп хабарлады Қазавтожол.
Ауа-райы нашарлаған сәттен бастап (3 қаңтардан бастап) 2200 м3 көктайғаққа қарсы материалдар жұмсалды.
"Сағат 8:45-тегі ақпаратқа сәйкес, ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық автожолдардың 32 учаскесі жабық күйінде қалып отыр", - делінген хабарламада.
Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарындағы трассалар жабылған.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды, ШҚО және Абай облыстарының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында аса күрделі жағдай қалыптасты.
Өткен тәулікте бұл өңірлерде қар құрсауынан 200-ге жуық көлік шығарылып, 346 адам құтқарылды.
sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через