Республика күніне байланысты қазан айында демалыс күндеріне өзгеріс енгізіледі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күндерін ауыстыру туралы үкімет қаулысын дайындады. Сонымен, демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарланған.
Енді Республика күніне орай қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады.
Осы айдың басында Республика күні күнтізбеге қызыл дата болып енгізілетіні айтылды. Ал 22 қыркүйекте Парламент Сенатының жалпы отырысында 25 қазанды Республика күні ұлттық мейрам ретінде белгілейтін заң қабылданған болатын.
Фото: ortcom.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через