Ресейдің Орынбор қаласында бір күнде тағы 800 үй мен 1800 учаскені су басты

Ресейдің Орынбор қаласында бір күнде тағы 800 үй мен 1800 учаскені су басты
фото: Фото: Ресей Федерациясы ТЖМ

Бұл туралы тілшілерге қалалық диспетчерлік орталықтың директоры Александр Сиса айтты.

"Бір күннің ішінде 1800-ге жуық үй іргесіндегі жер мен 800-ге жуық үйді су басты, барлығы 8 мыңға жуық шаруашылық телімі мен 3 мыңға жуық үй бар", - деді ол.

Донгузская және Уральская көшелерін су басуына байланысты тұрғындарды эвакуациялауға жол полициясы мен төтенше жағдайлар қызметінің көліктері жіберілген. "Гранд Парк" тұрғын үй кешенін де су басып, Потехин мен Уральская көшелерінің бойында су көпқабатты үйлерге жақындады. Тағы 55 адам эвакуацияланды, оның 183-і уақытша орналастыру пунктеріне жеткізілді.

Агенттік мәліметінше, Орынбордың Жайық өзені бөлігіндегі су Беляевская көшесіне жеткен, ондағы өткел жабылған. Бұл көшенің аумағында қоймалар мен дүкендерді су басып, жеке секторға жеткен. Сондай-ақ Беляевская көшесі ауданындағы "Медик" бау-бақша серіктестігі су астында қалды. Бау-бақша серіктестігі мен Беляевская көшелерінің арасындағы бос аумақты су басты. Орынбордың бұл бөлігіне орталықтан және басқа да шағын аудандарға енді тек Орынбор ауданы аумағымен өтетін айналма жолдың бойымен ғана жетуге болады.

Аймақ басшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 сәуірдегі жағдай бойынша 25 бау-бақша серіктестігі, Заречный, "Гранд Парк" шағын аудандарында, Кузнечный, Куйбышев, "Дубки" тұрғын үй кешені газдан ажыратылған. 64 бау-бақша серіктестігі, Кузнечный шағын ауданы, тағы бірқатар кенттер мен шағын аудан, көшелер жарықсыз қалды. Жабдықтарды су басқандықтан, Шафеев көшедегі "Орентрикотаж" қазандығы сөндірілді.

Еске сала кетсек, Орынбор облысында тасқын су Жайық өзенімен төмен қарай ағып, бірқатар елді мекенді, оның ішінде Қазақстанды да су басу қаупі төніп тұр.

ҚазАқпарат