фото: https://sputnik.kz
Ресейде жұмыс істеген 56 шетелдік компания Қазақстанға ауысып келмекші
Ресейден кеткен 56 шетелдік компания өз бизнесін Қазақстанда жалғастырады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.
"Қазір көптеген шетелдік компания Ресейден кетіп жатқанын көріп отырмыз. Біз осындай ірі компаниялардың тізімін құрдық. Олардың саны үш жүзден асады. Олармен Қазақстанда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы ақпараттандыру жұмысын жүргіздік. Бүгінде осы тізімдегі 56 компания өз кеңселерін Қазақстанға көшіруге ниет білдірді. Қазір олармен релокация орны, мерзімі мен шарттары бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деді Смайылов мәжіліс кулуарында.
Айтуынша, компаниялардың бір бөлігі оң шешім қабылдап, кеңселерін Қазақстанға ауыстырған. Олардың арасында Honeywell, inDriver, Fortescue, Marubeni және тағы басқа ірі халықаралық компаниялар бар.
Сондай-ақ премьер-министр Қазақстанда Toyota өндірісін ашу бойынша келіссөз жалғасып жатқанын атап өтті.
sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через