фото: https://www.pexels.com/ru-ru/@cottonbro/
Ресейде отбасын құрған он жұптың жетеуі ажырасады екен. Өткен жылғы көрсеткіш жаңа рекорд орнатты.
Бұл қоғамдағы түйткілді мәселеге айналған. Отбасы институтын нығайту үшін ресейлік саясаткерлер ажырасқандарға тіпті айыппұл салу керек деген бастама көтерді.
Ресейде ажырасқандар саны 2020 жылдан бастап күрт өсті. Былтыр 600 мың жұп неке бұзған. Ажырасу бойынша Мәскеу қаласы, Мәскеу облысы және Санкт-Петербург көш бастап тұр.
Ресейде некенің орташа ұзақтығы тоғыз жыл, бірақ статистика бойынша жұптар жеті жыл бірге өмір сүргеннен кейін ажырасады. Ерлі-зайыптылардың тек 13 пайызы ғана 20 жылдық некеден кейін ажырасқан. Ресейлік саясаткерлер отбасын сақтамағандарға 100 мың рубль көлемінде айыппұл салуға шақырды.
Ажырасу бойынша Кавказ республикалары көш бастап тұр. Ингушетияда Росстат дерегіне сәйкес 1000 неке тіркелсе, тиісінше екі жарым мың ажырасу фактісі бар. Бұл Ресейдегі ең жоғары көрсеткіш. Шешенстан, Дағыстан және Қарашай-Шеркес республикаларында жағдай осыған ұқсас. Алайда бұл аймақтарда жәрдемақы алу үшін «қағаз жүзінде» ажырасады дейді әлеуметтанушылар.
ВЦИОМ сауалнамасына сәйкес, Ресейдегі ажырасудың негізгі себебі – қаржылық қиындықтар, кедейліктің кесірінен отбасын асырай алмау. Бұл жауапты респонденттердің үштен бірі таңдаған. Екінші орында өмірге деген көзқарастарының өзгеруі, өзара түсініспеушілік. Ал әрбір алтыншы неке ерлі-зайыптылар арасында көзге шөп салу салдарынан бұзылған.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через