Ресейде құймақ жеу сайысы кезінде бір қатысушы көз жұмды

Ресейде құймақ жеу сайысы кезінде бір қатысушы көз жұмды
фото: https://sputnik.kz

Омбы облысының тұрғыны құймақ жеу сайысына қатысып, түйіліп өлді.

Мерекелік іс-шара аясындағы жарыс 25 ақпанда "Коммунальник" шипажайында өткен. 38 жастағы әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмған

"Оқиға туралы ақпарат расталды. Әйел мерекелік іс-шараларға, құймақ жеу байқауына қатысқан. Шамасы, ол түйіліп, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған", - деп түсіндірді ақпарат көздері РИА Новости тілшісіне.

Ақпаратты Ресейдің Омбы облыстық ішкі істер министрлігінің басқармасындағылар да растады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазақпарат