фото: Ресей ТЖМ
Ресейдің Орынбор облысындағы Жайық өзенінде бөгеттің қирауынан Қазақстанға келер қауіп жоқ. Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі осылай деп мәлімдеді.
Мұның алдында қазақ-орыс шекарасына, атап айтқанда Қостанай облысына жақын маңда Жайық өзенінің ресейлік бөлігінде төтенше жағдай болғаны хабарланған.
Ресей Федерациясы ТЖМ дағдарыс жағдайларын басқару орталығы жедел кезекшісінің мәліметінше, Орынбор облысы Орск қаласының маңында Жайық өзенінің қорғаныш бөгеті жартылай қираған.
Талқандалған жер бөгеттің 870-ші см белгісінде.
Ені — 2 м, биіктігі — 1 м.
Орск қаласының ең жақын елді мекендеріне ғана қауіп төніп тұр, Қазақстанға су келмейді.
Жедел қызметтердің айтуынша, су жайылатын аумақта 4 мыңға жуық тұрғын үй бар. Ол үйлерде 10 мыңға дейін адам тұруы мүмкін. Халық жедел көшіріле бастады.
«Бұл бөгет көктемгі кезеңде тасқын суды бөгеп, ұстап тұруға арналған. Қазақстанға, оның ішінде Батыс Қазақстан облысына ешқандай қатер төндірмейді. Жағдай бақылауда» дейді ТЖМ баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, көктемгі су тасқыны салдарынан Ресейдің 36 аймағында екі мыңға жуық тұрғын үй су астында қалды.
Елдің 36 аймағында 1970-тен астам тұрғын үй, 10 мыңнан астам саяжай учаскелері, 190 төмен су көпірлері және 120 жол учаскелері су астында қалды.
Су басу бойынша Приволжск федералды округінде қиын жағдай байқалады, бірқатар субъектіде жоғары дайындық және Орынбор облысында төтенше жағдай режимі енгізілді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через