фото: https://www.google. egemen.kz
Ресейде қазақтың тұңғыш академигі, әйгілі геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтті.
Томск қаласында халқымыздың біртуар перзентінің рухына тағзым етіліп, есімі ұлықталды.
Дана Нұржан, тілші:
- Қаныш Сәтбаевтың студенттік шағы Томскіде өткен. Ол – осындағы Политехникалық университеттің түлегі. 2008 жылы шаһардағы Геологтар саябағында қазақтың біртуар ғалымына ескерткіш орнатылды. Қазақ ғылым академиясының тұңғыш президентінің атында аудитория ашылып, мұражайына жеке заттары қойылған.
Қаныш Сәтбаевтың мерейтойына орайластырылған шараға қатысу үшін Томскіге Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев келді. Ол ғалымның ескерткішіне гүл қойып, Томск политехникалық университетінің басшылығымен кездесті. Бүгінде жоғары оқу орны Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықта. Еліміздегі көптеген білім беру ұйымымен түрлі келісімшарттарға қол қойған. Мұнда 1 мыңнан астам қазақстандық студент оқиды. Жастар ғұлама ғалымымызды мақтан етіп, өнегелі өмірін үлгі тұтады. 1 курс студенттері оқуын университет мұражайымен танысудан бастайды.
Томскідегі Қаныш Сәтбаевтың мерейтойына Павлодардан арнайы делегация келді. Мерекелік шараға ғалымның туған жері Баянауылда орналасқан мемориалдық мұражай қызметкерлері де қатысты.
Қазақстандық делегация сапар аясында Томскідегі әріптестерімен келіссөз өткізіп, екіжақты серіктестікті одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Тараптар әсіресе академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамытуды көздеп отыр.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через