Ресей Қазақстанның көмірін неге қабылдамады
Ресейлік порттар қазақстандық көмірді қабылдамады. "ТМД елдеріне 2,7 млн тонна көмір жеткізілді. Қыркүйек айында экспорттық көрсеткіштің көлемі 90,5 процент болды. Экспорт жоспарланған көрсеткіштен 286,6 мың тоннаға аз орындалды. Дегенмен биылғы экспорттық көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда жоғары", - дейді Көбесов.
Экспорт жоспарының орындалмауына ресейлік порттардың шамадан тыс толып кетуі себеп болды. Сондықтан ресейлік порттар қазақстандық көмірді қабылдамады.
Сонымен қатар компания өкілі алдағы уақытта көмір тасымалы бойынша теміржол тарифі жыл соңына дейін өзгермейтіндігін жеткізді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через