"Рахат" кондитерлік фабрикасы Алматы облысына көшіріледі

"Рахат" кондитерлік фабрикасы Алматы облысына көшіріледі
фото: © Tengrinews.kz©

"ЛОТТЕ Рахат" кондитерлік компаниясының басшылығы фабриканы Алматы облысына көшіру туралы шешім қабылдады және ол үшін ауданы 20-30 гектар жер учаскесін таңдайды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің сайтында хабарланды.

Компания жаңа фабриканың құрылысына 200 миллион доллар салуға дайын. Компания басшылығы мыңға жуық жұмыс орнын құруға және "аймақтың индустриалды дамуына серпін беруге" уәде етуде. Нысан 2030 жылдан кешіктірілмей дайын болуы тиіс.

Қазіргі уақытта Рахаттың Алматы мен Шымкентте екі зауыты бар.

"Рахат ЛОТТЕ " фабрикасының  95,57 пайыз үлесі корейлік Lotte Group компаниясына тиесілі. Сәуір айынан бастап компанияны ресейлік Ахмед Ахраров басқарады.

ҚазАқпарат