фото: pixabay.com
Кәмелетке толмаған қыз қазіргі уақытта әкесінің қамқорлығында. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Үй ішінде қызын аяусыз ұрған әйелдің әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті. Тіпті, пышақ тақап, басынан шелекпен ұрған сәті камераға анық түсіп қалған.
Жасөспірім қызының айқайлап жылағанына қарамастан бетінен жұдырықпен ұрып, басынан тепкен.
Сондай-ақ, бұл әрекетін бірнеше мәрте қайталаған.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Полиция қызметкерлерімен бейнежазбада көрсетілген адамдар анықталды. Аталған жайт бойынша 2024 жылдың 31 наурызында қылмыстық іс қозғалды. Әйелдің бірінші некесінен туған жәбірленуші кәмелетке толмаған қыз қазіргі уақытта әкесінің қамқорлығында. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Іс Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бақылауында» - делінген ведомства ақпаратында.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через