фото: pixabay.com
«Қыз Жібек» фильмі қайтадан түсірілмек. Осы және өзге де тарихи туындыларды жарыққа шығару үшін Kinopark-Kinoplexx Theaters компаниялар тобы мен «Қазақфильм» киностудиясы ынтымақтастық және өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Ал «Қазақфильмнің» бұған дейін түсірген, бірақ жарыққа шықпаған фильмдері не болмақ?
Осы уақытқа дейін өз алдына бөлек жұмыс істеп келген «Tiger Films» продюсерлік компаниясы мен «Қазақфильм» киностудиясы көременге мағынасы терең, сапасы жоғары фильмдерді түсіруге кіріспек. «Қазақфильм» түсірілім павильондары мен техникалық жабдықтарды, көркемдік материалдар және костюмдермен қамтамасыз етпек. Ал Kinopark-Kinoplexx Theaters компаниялар тобы фильмдерді өз кинотеатрларында жарнамалап, прокатқа шығаруға көмектеседі.
«Қазақфильм» биыл 9 кино түсіруді жоспарлап отыр. Оның 4-уі мемлекеттің қолдауымен, ал қалғаны демеушілердің көмегімен жарыққа шықпақ. Барлығы да Кинопарк желісі арқылы қалың көрерменнің назарына ұсынылады.
Алмаз Малдыбаев, Kinopark-Kinoplexx Theatres пен компаниялар тобының президенті:
Осы жылдар бойы Қазақфильм өзінше кинотеатрлар желісі өзінше жұмыс жасап келді. Ол енді жақсы эффект бермеді. Енді бірлесу ол осы заманның керек нәрсесі деп санаймын. Алда бірнеше жоба бірге түсіруге шештік. Тарихи жобаларда бар мысалға «Еңлік-Кебек», «Қыз Жібек» деген қайтадан түсіру жобасы бар.
Сондай-ақ, «Қазақфильмнің» осы уақытқа дейін түсірген, бірақ экранға шықпаған ондаған туындысы да кинотеатрлар желісі арқылы көрсетілмек.
Материал qazaqstan.tv сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через