Қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселесі

Қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселесі
фото: https://www.pexels.com/

     Қазақстандықтар егер қызды алып қашса, онда сол жігітке тұрмысқа шығуы керек деп санайды.

     Бұл туралы қазақстандықтардың арасында жүргізілген зерттеу нәтижесінде белгілі болды. Оның қорытындыларын ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Ольга Николаева айтты.

     Оның айтуынша, бүгінгі таңда шешуді қажет ететін тағы бір маңызды проблема – қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселесі. Азаматтардың 5%-дан астамы физикалық зорлық-зомбылық қаупіне тап болған.

Респонденттердің төрттен бір бөлігіне жуығы (23,6%) әйелдерді күштеп ұрлауға бейтарап немесе оң көзқараспен қарайды. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың жартысы ғана (54%) қызды рұқсатынсыз ұрлап әкеткен жағдайда, «ол кетіп, құқық қорғау органдарына хабарлау керек» деп есептейді. Ал азаматтардың 11,7%-ы «қыз қалып, тұрмысқа шығуы керек» деп санайды. Респонденттердің 18,4%-ы «қыздың кетуі керек, бірақ құқық қорғау органдарына хабарламағаны жөн» деген пікір білдірген, - деп атап өтті Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі.

Айтуынша, елімізде «Харассмент» мәселесі де бар. 

Азаматтардың шамамен 5%-ы жыныстық бопсалауға тап болған. Әйелдер бұл проблемаға ерлермен салыстырғанда 10 есе жиі ұшырайтынын айта кету керек. Заңнамалық деңгейде бұл мәселенің алдын алуға байланысты нақты құралдар жоқ. Сонымен қатар халықтың репродуктивті денсаулығы саласында мынадай проблемалар бар: кәсіби кадрлардың, яғни акушер-гинекологтар мен уролог-андрологтардың жетіспеушілігі, әсіресе, ауылдық жерлердегі медициналық көмектің сапасы; нәрестелер мен ана өлімінің көбеюі, - деп түсіндірді ол.

Baq.kz