фото: pervo.ru
Қазақстан Қытайдан киім-кешек және басқа да трикотаж бұйымдарын импорттауға барынша қызығушылық танытты: 441 млн доллар, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,4 есе көп.
Бұдан өзге, Қытайдан телефондар, жеңіл автомобильдер, есептеу машиналары және олардың қондырғылары, сондай-ақ моторлы көліктердің бөлшектері мен керек-жарақтары сатып алынды.
Биылғы жылдың маусым айында Қазақстанда Қытайдың қатысуымен 2,1 мың компания жұмыс істеді, бұл бір жыл бұрынғыдан 37%-ға артық.
Мұндай компаниялар көтерме және бөлшек сауда секторында жұмыс істеуді жөн көрді: 750 кәсіпорын, жылдық өсім-40,4%.
Ең танымал бес салаға сонымен қатар құрылыс, өндіріс, тау-кен өнеркәсібі, ақпарат және коммуникациялар кірді.
Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 10,7 млрд АҚШ долларын құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 21,6%-ға артық.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото pervo.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через