Қытайда бала 26-қабаттан секіріп кетті

Қытайда бала 26-қабаттан секіріп кетті
фото: sputnik.kz

Қытайдың Хунань провинциясында 26-шы қабаттан қолшатыр ұстап секірген төрт жасар бала аман қалды.

Басылымның мәліметіне сәйкес, бала қолшатырмен биіктен секіруді "Том мен Джерри" мультфильмінен көрген. Дәл сол трюкты қайталаған. Бала алдымен балконға шыққан. Сосын қолшатырды ашып, 26-ші қабаттан секірген.

Сол күні үйде ата-анасы болмады, әжесі ғана қалған. Бірақ баланың әпкесін алып келемін деп, үйден шығып кеткен. Оқиға орнына келген дәрігерлер баланың бірнеше жері сынғанын анықтады. Бірақ өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Мамандардың айтуынша, баланың салмағы көп емес. Оған қоса, ағаштың бұтақтарына ілініп құлаған. Соның арқасында аман қалды. Қазіргі кезде бала ауруханада емделіп жатыр, жағдайы жақсы.

Қазақпарат