Кеше Қытайдың Хайнань аралында енгізілген локдауннан СаньЯ курортты қаласында демалған 80 мыңнан астам турист қамалып қалды.
Бұл туралы елдің CCTV арнасы хабарлайды. Оның 32 мыңы қонақүйде оқшауланған. Оларға 50 процент жеңілдік ұсынылды. Тәртіп бойынша саяхатшылар 7 күннің ішінде 5 рет тест тапсырып, бесеуінде де теріс нәтиже шықса ғана Хайнаньнан шыға алады. Кешеден бері СаньЯ қаласынан ұшатын 333 рейс кейінге шегерілді. Теміржол қатынасы да тежелді. Аймақта тамыз айының басынан бері COVID-19 індетін жұқтырған науқастардың саны 550-ден асқан.
Ақпарат дереккөзі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через