фото: edo-tokyo.livejournal.com
Қытай тұрғындарының саны 2023 жылы 2 млн адамға қысқарды.
ҚХР Мемлекеттік статистика басқармасы жариялаған мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы Қытай тұрғындарының саны 1 млрд 409 млн адамды құраған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,08 млн-ға аз.
Атап өтілгендей, халық саны екінші жыл қатарынан азайып келеді.
Осылайша, 2022 жылы Қытайдағы халық саны 1960 жылы елде болған құрғақшылық пен аштықтан кейін алғаш рет қысқарған.
2023 жылы Қытайда 9,56 млн бала туылып, 11,1 млн адам қайтыс болды.
Елде бала туу көрсеткіші 1949 жылы халық санағы жүргізілгеннен бері (бір мың адамға шаққанда 6,39) ең төмен деңгейге түскен. 2022 жылы Қытайда туу көрсеткіші бір мың адамға шаққанда 6,77-ге дейін түсті.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через