Қысқы етікті қалай таңдау керек?

Қысқы етікті қалай таңдау керек?

Қысқы етікті қалай таңдау керек?

Кей аяқ киімдер майтабанның дамуына және табан сүйегінің өзгеруіне ықпал етеді. Сондай-ақ аяқтың тез шаршап қалуы да аяқ киімге тікелей байланысты. Ендеше, аяқ саулығына зияны тимейтін етікті қалай таңдау керек?

Мерзімдік аяқ киімді ауыстырған кезде аяққа қосымша күш түседі. Ауа райы өзгерісі табанды қою қалпының әдістері мен жүріске әсер етуі мүмкін. Сондықтан біздің міндетіміз — қимыл-тірек жүйесінің қысқы шарттарға бейімделу процесін барынша жеңілдету. Ол үшін дұрыс таңдалған ыңғайлы аяқ киім керек.

Жалпы денсаулығыңызға, соның ішінде аяқ жағдайына зиян келмес үшін қыста төмендегі етік түрлерін алмаған жөн:

Табаны теп-тегіс етік

Ыңғайсыз аяқ киім кию жалпы денсаулықтың нашарлауына және көптеген ортопедиялық аурулардың пайда болуына себепші болады. Мысалы, соңғы кездері сәнге айналған табаны теп-тегіс аяқ киімдер ағзаны жүру кезіндегі соққыдан қорғамайды. Бұл кезде тек табан мен өкше ғана емес, сондай-ақ тізе буындары, омыртқа және тіпті, бас миы қиналады. Аяқ тегіс емес жерден жүре алу үшін табан пішіні арка тәрізді болып келген. Ортопед мамандардың балаларға шөптің және құмның үстінде жиі жалаң аяқ жүруін ұсынуы бекер емес: сол кезде олардың табаны дұрыс қалыптасады. Ал табаны қатты тегіс аяқ киім жүктемені өкше жаққа қарай қайта бөлу арқылы адам табанының табиғи қалпына әсер етеді. Соның нәтижесінде, бұлшықеттер мен байламдар қатты күш жұмсап, кей жағдайда қабынуға дейін барады. Мұның барлығы майтабанның дамуына ықпал етеді. Майтабанның белгілеріне жүру кезіндегі қолайсыздық пен ауырлықты сезіну, аяқтың ауыруы және сүйелдердің пайда болуы жатады.

Тік өкше етік

Қыста аяқ сырғанап, құлап қалу қаупі жоғары екенін біле тұра биік тақалы етік киетін әйел адамдар көп. Қысқы етіктің табаны орнықты және сырғанамайтын болуы керек екені түсінікті. Біреулер тік өкшелі етікті далада кисе, басқалары оны кеңсеге барған бойда киіп алады. Алайда мұндай аяқ киімді ұзақ кию екі жағдайда да қауіпті: ол табанды және барлық қимыл-тірек жүйесін күйзеліске ұшыратады. Тік өкшелі етікті кию кезінде ауырлық орталығы жылжып, омыртқа осінің орны ауысады. Соның кесірінен омыртқааралық дисктерге артық қысым түседі, ал ол остеохондроздың дамуын жылдамдатуы мүмкін. Сондай-ақ биік өкшелі аяқ киім тізе буындарына негатив әсер етіп, артроздың даму қаупін арттырады. Сонымен қатар, үлкен башпайдың жылжуына көбіне тік және биік өкшелі аяқ киімдер кінәлі. Мұндай патологияны «табан сүйегінің шығып кетуі» деп те атайды. Бұл сүйек қатты ауырады және әдемі көрінбейді.

Басы үшкір етік

Басы үшкір етік сәнді аяқ киімдердің бірі болғанымен, оны ұзақ киіп жүру қан айналым проблемаларына әкелуі мүмкін. Басы үшкір және сапасыз әрі қатты материалдан жасалған аяқ киімнің себебінен жиі сүйелдер мен көбекірген (вросший) тырнақ пайда болады.

Қысқы етікті қалай және қай уақытта таңдау керек?

Қысқа арналған дұрыс етіктің 2-4 см өкшесі болуы керек. Етіктің жуандығын реттейтін бауы немесе жабысқышы бар бәтеңке болғаны жақсы. Аяқ киімнің сірі табан дұрыс орнығуы үшін тұрақты болуы керек. Жүру кезінде ыңғайсыздық  туындамас үшін және қан айналым проблемалары болмас үшін басқы жағы кең бәтеңкелер жақсы. Етік қалпы алдыңғы жақта кем дегенде 45 градус бұрышқа оңай қайырылуы керек. Сондай-ақ қысқы етікке міндетті түрде ортопедиялық ұлтарақ алған жөн.

Етікті күннің екінші жартысында алған дұрыс. Егер етік алуға демалыс күні таңертең барсаңыз, оның өлшемін дұрыс алмауыңыз әбден мүмкін. Себебі көбіне кешке қарай сәл болса да аяқ іседі. Сол кезде таңертең сатып алған етігіңіз аяғыңызды қысуы мүмкін. Етік аяқты қыспауы керек, әсіресе, жандары және үсті сәл кең болғаны жақсы. Себебі бұл жерлерге түскен қысым қан айналымның бұзылуына әкелуі мүмкін.

 

 Мәтіндегі ақпарат туралы