Қыркүйекте электр энергияның бағасы көтеріледі

Қыркүйекте  электр  энергияның  бағасы көтеріледі

Қыркүйекте  электр  энергияның  бағасы көтеріледі

Қазақстанда электр энергия қымбаттауы мүмкін.  Кезекті өсім қыркүйек айында  күтілуде.  Орташа  алғанда,  тұтынушылар үшін электр энергиясының құны 3,5% - ға артады. Мұндай болжамды Табиғи монополияларды реттеу комитеті айтып отыр. Олардың ақпараты бойынша, бұрын энергия өндіруші ұйымдар үшін шекті тарифтер көтерілген болатын. Сонымен қатар, олар ведомствода коммуналдық қызметтер тарифтерінің негізсіз өсуіне жол берілмейтініне сендірді. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің  төрағасы: - электр энергия үшін  Энергетика министрлігі тарифтерінің өңірге байланысты орташа есеппен 15% - ға артуы соңғы тұтынушыларға әсер етеді. 1 қыркүйектен бастап өсім болады. Біз 1 шілдеде Тарифтердің бір бөлігін көтердік. 1 қыркүйектен бастап электр қуатына өсім  алдыңда көтерілмеген  өңірлерде болмақ. Республика бойынша бұл орташа 3,5% - ды құрайды.   Жылыту үшін қазақстандықтарға 415 млн теңгеден астам қаражат қайтарылады. Мамандар өткен жылыту маусымында жылумен жабдықтау бойынша қызметтердің құнын қайта есептеуді жүргізді. Қайтару сомасы тұтынушының жеке шотында көрсетіледі және сальдо түрінде жеке жолда тіркеледі.