Қырғызстан біржынысты некеге тыйым салмақшы

Қырғызстан біржынысты некеге тыйым салмақшы
фото: https://www.pexels.com/ru-ru/@rdne/

Қырғызстанның Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі бір жынысты некеге тыйым салатын отбасы кодексінің жаңа редакциясын әзірледі. Құжат қоғамдық талқылауға шығарылды. 

«Жаңа жобада неке жасын бір жылға төмендету нормасы алынып тасталды, некеге 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Түзетулерге сәйкес, неке тек ер мен әйел арасында ғана жасалуы мүмкін. Бұл ретте неке қиюды мемлекеттік тіркеусіз діни неке қиюға тыйым салынады. Осы норманы бұзғаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілік көзделген», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, жазасын өтеп жатқан сотталғандар, жетінші ұрпақты қоса алғанда тікелей туыстары, аға-інілері, апа-сіңлілері, оның ішінде ортақ әкесі немесе шешесі, сондай-ақ асырап алушысы мен асырап алған баласы, қорғаншысы бар адамдардың некеге тұруына жол берілмейді.

Балаларды отбасына орналастыру, қорғаншы (қамқоршы) тағайындау және балаларды Қырғыз Республикасының азаматтарына асырап алуға беру функциялары жергілікті мемлекеттік басқаруға беріледі. Балаларға алимент төлеу жөніндегі міндеттер туралы баптар оңтайландырылды, ата-ананың баланы күту мен тәрбиелеудегі жауапкершілігі күшейтілді. Мемлекеттік қорғауды қажет ететін балаларды есепке алу автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылатын болады, - деп жазылған құжатта. 

Құжаттың жаңа редакциясындағы міндеттер — отбасы институтын дамыту, дәстүрлі отбасы құндылықтарын сақтау, қоғамдағы отбасы рөлін арттыру.

ҚазАқпарат