Қырғызстан 12 сыныптық оқуға көшпек

Қырғызстан 12 сыныптық оқуға көшпек
фото: https://www.pexels.com/ru-ru/

       Қырғызстанда 12 сыныптық мектепке кезең-кезеңімен көшуге дайындық жүріп жатыр. 

       15 наурызда Қырғызстан министрлер кабинетінің мүшелері "Орта жалпы білім беру құрылымын жаңғырту туралы" бұйрықты қарап, бекітті.

       Бұл шешім бойынша мектептегі жалпы білім беру жүйесі 12 жылдыққа ауысады

       12 сыныптық білім беру қазіргі 5-6 жастағы балалардан басталады.

       Мектеп ғимараттары мен олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын түгендеу нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып қосымша студенттерге орын қажеттігін шешу жоспарланып жатыр.

       Stan.kz