"Сән-салтанат салығының" қашан енгізілетінін Қаржы министрі мәлімдеді.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "сән-салтанат салығы" қашан енгізілетінін айтты.
"2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексі болады. Біз бұл жайлы сонда жазамыз. Нұсқаулық әзірлеу керек. Оны 2023 жылдың қыркүйегіне дейін пысықтап, содан кейін Мәжіліске ұсынуымыз керек. 2023 жылы заң қабылданып, 2024 жылдың басынан бастап күшіне енеді деп үміттенеміз", – деді Ерұлан Жамаубаев мәжіліс кулуарында.
Айта кетейік, 1 қыркүйек күні президент қымбат жылжымайтын мүлік пен көлік иелеріне қосымша салық салуды ұсынған болатын.
"Мұның орта тапқа қатысы жоқ, бұл салық тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алған кезде салынады", – деген еді президент жолдауында.
Ұлттық экономика министрі "сән-салтанат салығы" құны шамамен 100-150 мың доллардан асатан көліктер үшін салынуы мүмкін екенін айтқан еді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через