фото: ҚР ҰҚМК баспасөз қызметі
Қырғызстанда көзі жойылған қылмыс әлемінің серкесі Қамшыбек Көлбаевтың 720 пәтері ерікті түрде мемлекет меншігіне берілді. Бұл туралы Кабар агенттігінде болған баспасөз конференциясы кезінде Мемлекет меншігін басқару мемлекеттік агенттігі директорының бірінші орынбасары Медер Машиев мәлім етті.
Оның сөзінше, әңгіме құрылысы аяқталмаған пәтерлер туралы болып отыр. Олар, жоспар бойынша, 2027 жылы салынып бітеді.
Сондай-ақ, ол бұдан бөлек 2023 жылдың 10 айында мемлекет меншігіне 38 жер телімі мен үй және 356 көлік өткенін атап өтті.
Қырғыз Республикасының мемлекет мүлкін басқару агенттігі қылмыс әлемінің серкесі Қамшы Көлбаевқа тиесілі болған алты автокөліктің электрондық аукцион арқылы сатылатынын мәлімдеді.
Қырғызстанда атышулы қылмыстық авторитет Қамшы Көлбаевты (Қамшыбек Асанбек) ұстауға бағытталған арнайы операция жүргізіліп, атыс кезінде ол қарсылық көрсетіп, ҰҚК арнайы жасағының күшімен көзі жойылған болатын.
Сондай-ақ, Қырғызстанда қылмыстық іс аясында жүргізілген жедел-іздестіру шарасы барысында Көлбаевқа тиесілі болған, құны 500 мың АҚШ доллары тұратын асылтұқымды жылқылар тәркіленді.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через