Құжатсыз үй

Құжатсыз    үй

Құжатсыз    үй

Нұр-Сұлтан  қаласында  "Экодом"  тұрғын  үй  кешенінде   75  отбасы  ұзақ  уақыт  бойы  өз баспаналарына  құжаттарын  ресімдей  алмай  келеді.  "Бұл  үйдің орны  бастапқыда  тұрақ   болған  екен. Бірақ   кейіннен  тұрғындарға   элиталық   бизнес-класс   үйі   ретінде    сатылды.  

Астаналықтар бұл пәтерлерді 2018 жылы сатып алады. Алайда  бірнеше  жылдан бері  пәтерлерінің  құжаттарын  рәсімдей  алмай келеді. Мұның себебі өткен жылдың қыркүйегінде белгілі болды. Тұрғын үй  тұрақ орнына салынғандықтан,  оны  заңдастыру  мүмкін  емес көрінеді.

Тұрғындар паркинг емес,  пәтер үшін ақша  төледік деп шырылдап жүр. Құрылысшы компания өкілдері  бір де бір рет  тұрғындармен кездесу өткізіп, мәселенің мән-жайын түсіндірмеген. Енді  бұл  пәтерді  сата  да, тіркей де алмай отырмыз. Өйткені  үйдің  құжаты  жоқ", – дейді  олар.