фото: yk.kz
Қазіргі аптап ыстықта суда құтқарушылардың жұмыс режимі екі есеге артты. Алдын алу шараларына қарамастан, тұрғындар әлі де судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамайды.
«Құтқарушылардың сәтті жұмысы көптеген факторларға байланысты. Бұл кәсіби шеберлікті қажет етеді», - дейді бас құтқарушы Сергей Целищев.
Ол бұл салада 1983 жылдан бері еңбек етіп келеді. Негізгі міндеті – жабдықтардың іске жарамдылығын тексеру
«Сүңгуірлер суға түспес бұрын олардың жабдықтарының жарамдылығын тексереді. Бұл ереже бізде қатаң сақталады және талап етіледі», - дейді сүңгуір-құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Сергей Целищев.
Мамандардың жазғы жабдықтарының салмағы шамамен 30 келі болуы тиіс. Ал, қыс мезгілінде 60-келіге жетеді. Олар жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істей береді. Соңғы жылдары заманауи жабдықтар сатып алынған. Бұл өз кезегінде құтқарушылар жұмысын жеңілдетті.
Ринат Латыпов 15 жылдан астам уақыт бойы құтқарушы болып жұмыс істейді. Жалақының аздығына қарамастан, мамандығына адал. Қарағанды техникалық университетінде оқуын аяқтағаннан кейін су-құтқару станциясына жұмысқа орналасқан. Қайта даярлау оқу-курстарынан өткен. Қазір елдегі тәжірибелі сүңгуірлердің бірі. Жұмыста көптеген қайғылы және қуанышты жағдайларға да куә болған.
«Жақсы, жағымды жаңалықтың куәсі болдық бірде. Бірнеше күн бойы бір адамды іздедік. Сөйтсек, ол үйінде екен. Қаншама уақытымызды және күшімізді сарп етсек те, оған еш ренжіген жоқпыз. Керісінше, қуандық», - дейді құтқарушы.
Әр іс-әрекетте сүңгуір құтқарушылардың тез қимылы мен ерекше мәдениеті сезіледі. Олар физикалық және психикалық тұрғыдан әбден дайындалған. Батып кеткен адамдады іздеуге, тіпті, оны аман-есен құтқару үшін бар күш-жігерін, мол тәжірибесін салады. Қазір облыс бойынша барлығы 52 аттестатталған құтқарушы сүңгуір бар. Приозерск қаласында шеберліктерін шындап, дайындықтарын пысықтап отырады. Арасындағы білікті мамандар күрделі су-техникасын да жете меңгерген. Мысалы, батып кеткен көліктерді де су астынан сыртқа шығарады.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото yk.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через