фото: ramadan.muftyat.kz
Қасиетті Құрбан Айт 28-ші маусымда басталып, 30-ына дейін жалғасады.
Маусымның 27-сі "Арафа күні" қажылар Меккедегі Арафат тауында құлшылық жасайды.
Қажылыққа бара алмаған мұсылмандар ол күні Ораза ұстайды. 28-нде Айт намазы таңғы сағат 6-да оқылғаннан кейін, Астанада құрбандық шалуға арналған 5 базар жұмыс істей бастайды. Ал қолы тимеген немесе сапарда жүргендер мүфтияттың "Құрбандық-2023" деген арнайы сайты арқылы діни жоралғыны онлайн жасай алады.
Жұманазар Садырханов, "Әзірет Сұлтан" мешітінің наиб имамы: - 06:30-дан бастап құрбандық шала береді күн батқанша. 28-29-30-ы құрбандық шалынады. Одан кейін құрбандықтың уақыты бітеді. Пайғамбарымыздың басқа бір хадисінде бар. Құрбандық шалу күндері 3 күн. Бірақ ең абзалы, қайырлысы - алғашқы күні.
Дереккөз 24.kz. Фото ramadan.muftyat.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через