Тіркеу науқаны басталған 20 күнде 27 мың көлік қазақ нөмірін алыпты. Тағы 65 мың автомашинаның құжаты тексеріліп, тіркеуге жіберілді.
Фото: aikyn.kz
Елге сайман түрінде әкеп, қолдан-қолға өткен құрастырылмалы көліктер ақыры заңдастырылатын болды. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі хабарлады. Қазір автомашиналарды тіркеу тәсілдері әзірленіп жатыр.
20 күнде 27 мың отандасымыз көлігіне қазақ нөмірін тақты. Тағы 65 мыңы өтініш қалдырыпты. Заңдастыру басталғалы біраз былықтың да беті ашылды. Халыққа қызмет көрсету орталығының табалдырығын тоздырған жүргізушілер заңсыз әрекетке барып жатыр. Ұрымтал сәтте алаяқтар да көбейді.
Азамат оң жақты рульді көлігін былтыр сатып алыпты. Тіркеу акциясы басталғалы бірнеше рет өтініш беріп көрген. Кедендік тазартудан өтпегенсің деп бір қайтарса, екіншісінде көлікті тіркеу нөмірі теріс деп құжатын қабылдамаған. Сол кезде қызмет көрсету орталығы жанындағы алаяқпен танысады. 27 жастағы әйел базаға тіркеп беремін деп сеніміне кіреді, сөйтіп 500 мың теңгесін алады.
Қазір осындай жағдай көбейді. Мәселе ушықпай тұрғанда министрлік құрастырмалы көліктерді тіркеуге рұқсатын берді. Бірақ конструктордың барлығына ақ нөмір тағыла ма? Бір анығы криминалдық тарихы бар көліктер тіркелмейді. Ал қолында не құжаты жоқ, VIN код нөмірі бірдей машиналардың мәселесі түзету кезінде ескерілмек.
"Тіркеу мәселелеріне келгенде көптеген сұрақтар туындап жатыр. Оның ішінде оң жақ рульді көліктері яғни конструктор ретінде кіргізіліп ары қарай Қазақстан азаматтарына сатылған көлік құралдары бойынша. Бүгінгі таңда ІІМ аталған мәселені шешу көздерін тауып, қазір нормативті заңдылықтарын шешіп жатыр", дейді ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Жамалиев.
Автосарапшы бұл жеңілдікті тоқтату керек -, дейді. Өйткені заңсыз әрекеттер бұдан кейін де қайталануы әбден мүмкін. Алданған азаматтар не полицияға жүгіне алмайды, екі ортадағы делдалдар табысқа кенеледі,- дейді.
"Көлігін тіркей алмаған азаматтар бәрібір басқа жолын іздейді. Ақыры осындай алаяқтарға тап болады. Конструктор көліктер заңды тіркелсе де, криминалдық көліктері қалады ғой, оларда ертең нөмір алғысы келеді. Сол кезде жемқорлық та көбейеді. Ал зардап шеккен халық не полицияға жүгіне алмайды, не ақшасын қайтара алмайды. Өйткені жалған құжат жасау ол қылмыс", дейді Автосарапшы Эдуард Эдоков.
Ал тағы бір сарапшы егер конструктор көліктер тіркелсе, дереу жол жүру ережесіне өзгеріс енгізуіміз керек-, дейді. Өйткені бұл көліктердің қауіпсіздігіне ешқандай кепілдік жоқ.
"Конструктор көліктерді тіркейтін болса онда жылдамдық режиміне өзгерістер енгізу керек. Өйткені бұл машиналар қайда жиналғанын кім біледі. Техника жолда жүргендіктен бұл жүргізуші мен қоршаған ортаға кесірі тиюі әбден мүмкін. Жолда келе жатып бөлініп қалса нестер едік, ондай жағдай да болған", дейді Қарағанды қаласы қоғамдық кеңес мүшесі Василий Климаков.
Тіркеу науқаны басталған 20 күнде 27 мың көлік қазақ нөмірін алыпты. Тағы 65 мың автомашинаның құжаты тексеріліп, тіркеуге жіберілді. Ал сақтандыру қағазымен жүрген көлік иелерін жазға дейін ешкім тоқтата алмайды.
inbusiness.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через