Құлжа трактісіндегі жолайырық қашан ашылады?

Құлжа трактісіндегі жолайырық қашан ашылады?

            Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы тіклей эфир барысында Құлжа трактісіндегі жолайырығы қолданысқа қашан берілетіні туралы айтты.

            Оның айтуынша, құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Қазіргі кезде №1 эстакада құрылысы және айналма жолдарды салу жұмыстары аяқталды. Осы айдың соңына дейін қозғалысты уақытша сызба бойынша ашу жоспарда. Эстакада бойымен Құлжа трактісі арқылы екі бағытта көлік қозғалысы ұйымдастырылады.

            Бұдан басқа, шығысқа қарай қозғалыс кезінде Бұқтырма көшесінен Құлжа трактісіне түсеберіс жол бойынша, сондай-ақ Құлжа трактісі бойымен қозғалыс кезінде айналма алаңынсыз Бұқтырма көшесіне түсеберіс жол ашу көзделген.

            Бұл жолайрығы құрылысы ауданында көлік қозғалысын ұйымдастыруды едәуір жақсартады және осы учаскедегі көлік жүктемесін азайтады.

            «Барлық бағыттағы қозғалысты ашу 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған. Төрт және алты жолақты заманауи жолайрығы шығыс айналма автожолын әуежайға апаратын жолмен байланыстырады және учаске трассасының жүгін жеңілдетеді», - деді Алматы әкімі.

             Құлжа трактісі бойындағы эстакаданың ұзындығы 784 шақырым, Бұқтырма көшесіндегі туннель 570 шақырым.

             Абаттандыру кезінде жақын аумақтарға 750 ағаш отырғызылатын болады.


 Мәтіндегі ақпарат туралы