«Quality Innovation of Year 2023» Халықаралық сапа инновациясы байқауына қатысуға шақырамыз

«Quality Innovation of Year 2023» Халықаралық сапа инновациясы байқауына қатысуға шақырамыз

Қазақстандық сапа және инновацияларды басқару ұйымы Сіздерді 2023 жылы өтетін «Жылдың сапалы инновациясы» Халықаралық байқауының қазақстандық іріктеу кезеңіне қатысуға шақырады.

Құрметті өндірісшілер, бизнесмендер және сапа мамандары, Сіздерді «Жылдың сапалы инновациясы 2023» Халықаралық байқауының Ұлттық іріктеу кезеңіне қатысуға шақырамыз.

Байқаудың бұл кезеңінің қорытындысы 2023 жылдың қыркүйегінде шығарылады.

Осындай беделді халықаралық инновациялық жобалар қатарына кіретін «Сапа инновациясы» сыйлығының іріктеу кезеңін біздің елімізде тұрақты түрде өткізу қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.

Мұндай шаралар посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық байланыстарды дамытуда және жаһандық экономикалық дағдарысты еңсеруде орасан зор рөл атқарады.

Ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары QUALITY INNOVATION AWARD инновациялық жобалар халықаралық конкурсының финалдық кезеңіне қатыса алады.

Байқаудың халықаралық турының қорытындысы 2023 жылдың қазанынан қарашасына дейін шығарылады. Ресми марапаттау рәсімінің уақыты мен орны кейінірек хабарланады.

QUALITY INNOVATION AWARD халықаралық байқауының ұлттық (іріктеу) турына қатысуға ниет білдіргендер 6 ай бойы өтініш бере алады.

Байқау қандай кезеңдерден тұрады?

Өтінімдерді қарау және үміткерлердің конкурстың ұлттық (іріктеу) турына қатысуы туралы шешім қабылдау – биылғы жылдың 01 наурызынан 01 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.

Алдағы қыркүйек айының басында Алматы қаласында QUALITY INNOVATION AWARD Халықаралық инновациялық жобалар байқауының ұлттық (іріктеу) кезеңі өтеді.

Ұлттық іріктеудің жеңімпаздары осы жылдың қазан-қараша айларында Хельсинкиде (Финляндия) қорытындыланатын QUALITY INNOVATION AWARD инновациялық жобалар халықаралық конкурсының қорытынды турына қатысуға ұсынылады.

Ресми марапаттау рәсімі келесі жылдың қаңтар айының соңы немесе ақпан айының басында байқауға қатысушы Еуропа елдерінің бірінің астанасында өтеді. Жеңімпаздардың дипломдарына Финляндия Президенті немесе Премьер-министрі қол қояды.

Финалға шыққандар келесі жылдың қаңтарында немесе ақпан айының басында ресми рәсімде дипломдармен марапатталады.

Номинациялар бойынша алғашқы үш орынды иеленген жеңімпаздарды салтанатты рәсімді өткізетін елдің Премьер-Министрі дипломдармен марапаттайды.

Сапа инновациясының сыйлығы дегеніміз не?

Сапа инновациясының сыйлығы дегеніміз – инноваторларға мынадай мүмкіндіктерді беретін жыл сайынғы халықаралық байқау:

- инновациялық жаңалығыңыздың кәсіби бағасын алу,

- өзіңіз ашқан жаңалықтарды басқа жетістіктермен салыстыру,

- инновацияңызды кеңірек таныстыруға жол ашу

Бұл байқаудың көздегені не?

Сапа инновациясының сыйлығы дегеніміз – инноваторларды халықаралық деңгейге шығуға ынталандыратын жыл сайынғы халықаралық байқау.

Байқау қатысушы елдердегі инновациялық жобалардың техникалық деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Мұның бәрі бірігіп, әрбір қатысушы елдің экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Бұл байқау қатысушыларға не береді?

Өндірісшілер:

- ашқан жаңалығының тәуелсіз бағасын алады

- өз жаңалығын басқа жобалармен салыстырады

- жаңалығын халықаралық деңгейге шығарады

- ұлттық және халықаралық деңгейде өз жаңалығын бағалайды

- тәуелсіз ғылыми орталықпен кәсіби кері байланыс орнатады.

Сапалы инновация дегеніміз не?

Бұл:

- дер кезінде ұсынылған;

- тиімді және қолдануға болатын,

- жүйелі түрде әзірленген,

- мүдделі тараптардың бүгінгі таңда және болашақта қажеттіліктерін қанағаттандыратын;

- техникалық, әлеуметтік немесе коммерциялық көрсеткіштері жақсарған жаңалықтар.

Жыл сайынғы сыйлыққа қатысушылар саны және қатысушы елдер

Бұл байқауға кім қатыса алады?

Кез келген жаңалық немесе идея авторы байқауға қатыса алады. Қатысу рәсімі қарапайым және арнайы өтініш формасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық өтінім құпия түрде қарастырылады және тек жеңімпаз атанған жаңалықтар ғана жарияланады.

Қатысу қызметкерлердің инновациялық белсенділік деңгейін арттырады және жаңа идеялар мен инновацияларды дамытуға көмектеседі. Әрбір қатысушы өзінің ашқан жаңалығы туралы кәсіби мамандардан кеңес алады, мұндай шағын кеңес жобаны одан әрі нақтылауға және жетілдіруге септігін тигізеді.

Өтініштер 2023 жылдың 1 наурызынан 1 қыркүйекке дейін қабылданады.

Егер сізді осы ақпарат қызықтырса, төмендегі сілтеме арқылы толығырақ таныса аласыздар: https://standard.kz/ru/projects/quality-innovation-award-kacestvennaya-innovaciya-goda-kakie-vygody-polucat-innovatory

Осы іс-шараға қатысуға, сондай-ақ оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға қатысты барлық сұрақ бойынша Қазақстандық сапа және инновациялық менеджмент ұйымының («KOKIM» ОО) негізінде құрылған Ұйымдастыру комитетіне мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады:

Алматы, көш. Байзақова, 299.

Моб. телефон: +7 708 270 54 84

E-mail: info@standard.kz