Алакөл бағытында уәде етілген "Тальго" пойызы 16 маусымнан бастап қатынайды. Бұл туралы Қазақстан Темір Жолы мәлімдеді.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ тальго вагондарынан құрастырылған № 211/212 және № 453/454 "Алматы-2 – Достық" қатынасына екі жолаушылар пойызын тағайындады. Олар Алакөл бағытында қатынайтын болады”, – делінген хабарламада.
Қазақстан темір жолының хабарлауынша, № 211/212 пойызы:
- Алматы-2 станциясынан 16 маусымнан 30 тамызға дейін жұп күндері жөнелтілетін болады.
- Достық станциясынан Алматыға пойыз 17 маусымнан 31 тамызға дейін тақ күндері жүреді.
№ 453/454 пойызы:
- Алматы-2 станциясынан 2022 жылғы 16 маусымнан 30 тамызға дейін, пойыз сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жолға шығады.
- Достық станциясынан Алматыға құрам 2022 жылғы 17 маусымнан 31 тамызға дейін дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жүретін болады.
Жоғарыда көрсетілген жолаушылар пойыздарының құрамына:
- "Турист" класындағы 4 жергілікті вагонның 12 бірлігі;
- "Бизнес" класты 2 жергілікті вагонның 3 бірлігі;
- "Гранд" класындағы 2 жергілікті вагонның 3 бірлігі (әр купеде жеке санитарлық тораппен және душпен жабдықталған) кіреді.
Сонымен қатар, ҚТЖ жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету үшін пойызда кафе-вагон және мейрамхана-вагон барын хабарлады.
“Барлық вагондар фильмдер, музыкалық клиптер, электронды кітаптар көруге арналған мультимедиялық порталмен жабдықталған және де биодәретханалар мен ауа баптау жүйелері бар”, – делінген хабарламада.
Жалпы жаңа пойызды қосқанда Алакөл бағытына 11 пойыз жүргізу қарастырылған көрінеді("Жолаушылар тасымалы" АҚ – 9, жеке тасымалдаушылар – 2).
- Нұр-Сұлтаннан – 3 пойыз;
- Алматыдан – 5 пойыз;
- Шығыс Қазақстан облысынан – 1 пойыз;
- Абай облысынан – 1 пойыз;
- қаламаңы – 1 пойыз.
Айта кетсек, бұған дейін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Алакөл бағытында уәде етілген "Тальго" пойызы 12 маусымнан бастап жүруге тиіс екенін, алайда билеттер сатылымға әлі түскен жоқ деп хабарлаған болатын.
Туроператорлар теміржол көлігінің жеткіліксіздігі мәселесін 2021 жылдың қарашасынан бастап көтеріп келеді. Мәселені шешу үшін "Атамекен" ҰКП өз алаңында кәсіпкерлер, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және салалық ведомствоны бірнеше рет жинады.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через