Қостанайға гуманитарлық керуен аттанды

Қостанайға гуманитарлық керуен аттанды
фото: https://sputnik.kz

Қостанайға гуманитарлық керуен аттанды

Ақтөбе тұрғындары Қостанай облысына гуманитарлық көмек жіберді.

Облыста зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі жедел штаб құрылған. Ақтөбеліктер көрші өңірдің Әулиекөл, Ұзынкөл және Қарабалық аудандарының тұрғындарына моральдық және материалдық гуманитарлық көмек көрсетуге дайын.

Алғашқы гуманитарлық керуенмен дәрі-дәрмектер, киім-кешек, азық-түлік, жеке гигиена және тағы басқа қажетті заттар жіберілді. Қазіргі кезде Amanat партиясының филиалдарында 13 гуманитарлық көмек пунктері ашылды. Оған киім-кешек, төсек-орын және бірінші кезекте қажетті заттарды тапсыруға болады.

"Асар! Көршімізді қиындықта қалдырмаймыз. Төтенше жағдайда қиындықтан шығудың маңызды ережесі - өзара көмек және бірлік. Қазақтардың ежелден келе жатқан дәстүрі осындай. Ғасырлар бойы құндылықтар мен дәстүрлер өзгермейді", - дейді актөбеліктер.

Айта кетері, Қостанай облысында орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Мыңдаған адам эвакуацияланды. 100-ге жуық үй жанып кетті. Үйлері қауіпсіз жерде тұрған кейбір тұрғындар баспанасына оралды, кейбірі туыстарына кетіп жатыр.

Үш ауылда 12 бас ірі қара, 118 бас шошқа және 261 бас құс қырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің бірнеше себебін қарастырып отыр. Облыста орман қорының жартысы жанып кетті.

Мәтіндегі ақпарат туралы