Қостанайда питбуль әйелді талап тастады

Қостанайда питбуль әйелді талап тастады
фото: https://sputnik.kz

Қостанайда питбуль әйелді талап тастады

Қостанай қаласында тұмылдырықсыз жүрген питбуль әйелді талап тастады. Полиция иттің иесін іздестіріп жатыр.

Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады. Иттің қатты жүгіріп келіп, әйелге тап бергені анық көрініп тұр. Артынан иесі жүгіріп келген. Питбульді теуіп, айырып алды.

Желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға Текстильщиков көшесінде мәдениет үйінің жанында болған. Питбуль алдымен әйелдің итіне, одан кейін өзіне тап беріп, екі аяғынан тістеп алған.

Қысқы киімнің арқасында сүйегі сау, бірақ екі аяғынан да жарақат алды. Питбульдің иесі кетіп қалды. Ал жарақат алған әйелді екі жігіт көлікпен ауруханаға жеткізді.

Қалалық полиция басқармасы 26 қарашада 46 жастағы әйел арыз түскенін хабарлады. Қазіргі кезде иттің иесі іздестіріліп жатыр. Әкімішілік құқық бұзушылық кодексінің 407-2 бабының 1-бөлігі 4-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Ит иесіне үй жануарларын күтіп-бағу мен серуендетуді бұзғаны үшін 10 АЕК (31 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Sputnik.кз