фото: https://pixabay.com/ru/
Қостанай облысында бастапқы жарнасы төленбеген 83 ауыржүктасығыш автомобиль заңсыз тіркеуге қойылған, деп хабарлады қаржы мониторинг агенттігі.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Мемлекетке 591 млн теңге шығын келтірілген.
"Қостанай облысының бірқатар тұрғыны 2020-2023 жылдар аралығында шығарылған жылы туралы жалған ақпарат енгізілген шет мемлекеттердің техпаспортын пайдаланып, ершікті автомобиль-тартқыштарды Еуропадан Қазақстан аумағына әкелген", - дейді ведомство.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через