Қос азаматтық үшін жаза күшейтіледі

Қос азаматтық үшін жаза күшейтіледі
фото: https://sputnik.kz

Биыл қос азаматтық үшін жазаны күшейтуге қатысты өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы онлайн брифингте ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Ресми мәліметке сәйкес, былтыр қос азаматтықпен жүрген 841 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың шешімімен 138 адам елден шығарылды, қалғандарына айыппұл салынды. Соңғы бес жылда азаматтық туралы заңнаманы бұзған 3515 адам анықталды. Барлығының қазақстандық азаматтығы жойылды.

Заң бойынша қос азаматтығы бар фактіні жасырғаны үшін 200 АЕК-ке (690 000 теңге) дейін айыппұл не Қазақстан аумағынан шығару жазасы қарастырылған.

"Биыл қос азаматтық фактілерінің алдын алу үшін екінші азаматтығын жасырғандарға жауапкершілікті қатаңдату үшін заңнамалық актілерге түзетулер енгізу жоспарлануда", - дейді Тұрлыбек.

Айта кетері, өзге елдің азаматтығын қабылдағаннан кейін 30 тәулік ішінде азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін Қазақстанның консулдық мекемесіне жүгіну керек.

Қазақпарат