фото: https://sputnik.kz
Заң бұзғандар Қарағанды әуежайында ұсталған.
Қарағанды – Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімі көші-қон бөлімшесінің қызметкерлері шекара қызметімен бірлесіп қала әуежайында профилактикалық шаралар жүргізу кезінде 26, 45 және 51 жастағы әйелдерді анықтап, ұстады.
Тексеріс барысында ұсталғандардың (Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының) қос азаматтығы бары анықталды.
Көлік полицейлері құқық бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.
Қарағанды қаласы Қазбек би аудандық сотының шешімімен Ресей азаматтарының әрқайсысына 429 мың теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды.
Айта кетері, Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Ол 28 ақпанға дейін жалғасады.
Шара барысында көлік полицейлері 29 шетелдік азаматты әкімшілік жауапқа тартты. Сондай-ақ сот қаулысымен 4 шетелдік елден шығарылды.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через