Қор нарығында доллар арзандап жатыр

Қор нарығында доллар арзандап жатыр

Доллар үшінші күн қатарынан арзандап жатыр

 

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді. 

Кешкі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,59 теңгеге төмендеп, 1 доллар 468,78 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 14 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 469,35 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 470 теңге, сатып алу – 473 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 469,5 теңгеден болса, сатып алу – 472 теңге.

Ресей рублі 7,24 - 7,29 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 14 желтоқсан күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,44 теңге болды.

Айта кетейік, қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан арзандап жатыр.