Қонаев (бұрынғы Қапшағай) қаласының жаңа бас жоспарын қазақстандық сәулетшілер әзірлеп жатыр. Қалада жаңа әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлер салынып, ауқымды құрылыс басталады. Қонаев қаласы бірнеше жылдан кейін қандай болуы мүмкін? Tengrinews.kz назарларыңызға алдын ала дайындалған эскиздерді ұсынады.
Қонаевтың бас жоспарын әзірлеу туралы толығырақ Қазақстан қала құрылысшылары одағының президенті Любовь Нысанбаева айтып берді.
"Қала облыстың әкімшілік орталығы болған кезде ол мүлде өзгереді, Қонаев қаласының бас жоспары басқаша болады. Сондықтан, қазір қаланың әкімшілік орталығына айналатын жер таңдалып жатыр (...)", - деді Любовь Нысанбаева.
Қонаев қаласының алдын ала эскиздері. Сурет: Tengrinews.kz/Айнаш Өндіріс©
Қапшағай, қазіргі Қонаев қаласының бас жоспары 2006 жылы үкімет қаулысы бойынша бекітілген. Алайда қала жаңа мәртебе алып, Алматы облысының орталығына айналды. Осыған байланысты Қонаев дамуға жаңа мүмкіндік алды. Қала мәртебесіне сәйкес жаңа инфрақұрылым нысандары пайда болады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через