Қонаев-Алматы бағытындағы пойыз күн сайын таңғы 6-да жүреді

Қонаев-Алматы бағытындағы пойыз күн сайын таңғы 6-да жүреді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ  11 қарашадан бастап Қонаев-Алматы бағыты бойынша № 6906/6907 пойызды жолға шығарады.

Дизельді теміржол пойызы күн сайын Қонаевтан сағат 06.00-де, Алматы стансасынан кері қарай сағат 19.00-де жүреді. Жол жүру уақыты – 1 сағат, 17 минут.

Бұл бағытты қаржыландыру жыл соңына дейін Ұлттық тасымалдаушы есебінен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Алматы облысының әкімдігімен бірлесе отырып, аталған бағытта тасымалдаушының шығындарын субсидиялау бойынша 2023 жылға тендер өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Билеттерді BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн сатып алуға болады.

Бұған дейін ИИДМ баспасөз қызметі қала маңындағы жаңа Алматы-Қонаев бағыты бойынша тәулігіне бір рет жүретін пойыз Алматы-1 стансасынан сағат 06:44-те шығып, Қапшағай стансасына 08:35-те келетінін, сондай-ақ Қапшағай стансасынан 19:15-те жөнелтіліп, Алматы-1 стансасына 20:50-де жететінін хабарлаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.