фото: sputnik.kz
Абай облысында қоғамдық қордың атын жамылып жұртты бопсалаған қылмыстық топ ұсталды. Жастарды қорқытып-үркітіп ақша жинаған сегіз адам қазір қамауда отыр.
Қой терісін жамылған қасқырлар әлеуметтік желіде арнайы парақша ашқан. Ол жерде мұқтаж жандарға көмек көрсетеміз деп ақпарат қалдырыпты.
Алайда 19-24 жас аралығындағы жас жігіттер жергілікті тұрғындарды қорқытып, қайырымдылыққа ақша жинауға мәжбүрлеген.
Көк тиын татырмағандарды жалдамалы пәтерге қамап, бопсалаған. Ал жиналған қаражатты қылмыстық топ мүшелері қайырымдылық қорына емес, өз қалталарына басып отырыпты.
Қазір барлығы қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың қазірге дейін дәл осындай жеті қылмысқа қатысы бар екені анықталды.
Дереккөз ktk.kz. Фото sputnik.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через