Биыл Қазақстаннан 4 мың адамға қажылық парызды өтеуге рұқсат берілді. Standard.kz бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан қажылық миссиясы өкілдерінің алғашқы отырысы өтті.
Мәлім болғандай, биылға бөлінген 4 мың қажылық орын конкурс негізде іріктелген 14 туроператор арасында бөлінді. Қажылыққа баруға ниет еткен қазақстандықтар осы туроператорларға жүгіне алады. Қазір олар тіркеу жұмыстарын бастап кетті.
Отырыс барысында қажылық кезінде атқарылатын жұмыс жоспары талқыланып, ұйымдастыру мәселелері пысықталды. Сондай-ақ қажылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі де миссияның бақылауында болатыны айтылды.
ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғар миссия өкілдерінің міндетін шегелеп, бес парыздың бірі саналатын қажылыққа мұқият дайындық жасауды тапсырды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через