Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің оқу-тәжірибе шаруашылығында Корея Республикасының жоғары технологиялық жылыжайының құрылысы жедел қарқынмен жүргізілуде. Аталған кешенді оқу жылының басында Алматы облысы Талғар ауданы Байбұлақ ауылында іске қосу жоспарланған. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында университет ректоры Тілектес Есполов хабарлады.
Аталған жылыжайдың жалпы ауданы 1 га, ал оның өндірістік қуаттылығы жылына 400-450 тонна көкөніс пен жидек өсіретін болады. Мұнда қызанақ, қияр, құлпынай өсіріледі.
$1,5 млн инвестиция салынатын жылыжай Корея Республикасының ауыл шаруашылығы технологияларын коммерцияландыру және енгізу қорынан қаржыландырылады. Өз кезегінде ҚазҰИУ жобаға толықтай қолдау көрсетіп, инфрақұрылым салуды қамтамасыз етті.
Көкөніс пен жидек өсіруден басқа, жылыжайда студенттерді, магистранттарды және докторанттарды инновациялық жылыжай технологияларына оқыту ісі, тәжірибе жасау жұмыстары жүргізіледі; Қазақстанның жылыжай шаруашылықтары үшін «смарт-технологиялар» бойынша оқыту семинарларын өткізу жоспарлануда.
Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через