фото: https://www.google.com
"Қазпошта" АҚ-ның бірқатар өңірлердегі филиалдарында жалпы сомасы 273 000 000 теңге қаржы жымқырылғаны анықталды.
"Қазпошта" АҚ-да ішкі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірде жалпы сомасы 273 млн теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды.
Қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау, күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
"Заң бұзушылық фактілері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді", — делінген "Қазпошта" хабарламасында. мәліметінде.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через