ҚазАвтоЖол ақылы жолдарда SMS-хабарлама қызметін іске қосты

ҚазАвтоЖол ақылы жолдарда SMS-хабарлама қызметін іске қосты

Ақылы жол пайдаланушыларын уақтылы хабардар ету үшін ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы SMS-хабарлама қызметінің пилоттық жобасын іске қосты. Ақылы жолға алғаш өткен кезде автокөлік иесі SMS-хабарлама алады. Хабарламада төлем әдістері туралы сілтеме де қарастырылған.

SMS-хабарлама ашық жүйе іске қосылған жеті ақылы жолдан өткен кезде келеді. Олардың қатарында Астана-Павлодар, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Ташкент, Шымкент-Тараз, Тараз-Қайнар, Қонаев-Талдықорған және Щучинск-Көкшетау күре жолдары бар.

Шлагбаумдар қарастырылған учаскелерден өткен кезде («Астана-Щучинск»,«Астана-Теміртау»,«Алматы-Қонаев»,«Алматы-Қорғас») SMS-хабарлама келмейді.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде жалпы ұзындығы 2,200 шақырымды құрайтын 11 ақылы жол бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото astanatv.kz