"Қазатомөнеркәсіп" румыниялық АЭС-ке уран жеткізді

"Қазатомөнеркәсіп" румыниялық АЭС-ке уран жеткізді
фото: sputnik.kz

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" румыниялық Societatea Natională Nuclearelectrica S.A. энергия компаниясына табиғи уран концентратын жеткізді. Былтыр желтоқсанда Қазатомөнеркәсіп Румынияның атом энергетикасының қажеттілігі үшін уран тотығын жеткізуге арналған SNN ашық тендерінің жеңімпазы болды. Келісімшарт талаптарына сәйкес, компания табиғи уранды SNN зауытына дейін жеткізді.

Қазатомөнеркәсіп өз өнімдерін Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы экспорттады. Оны компания 2018 жылдан бері белсенді пайдаланып келеді.

Қазатомөнеркәсіп әлемдік ядролық отын нарығындағы сенімді әрі артықшылыққа ие жеткізуші ретінде өнім жеткізу географиясын әртараптандыру және жаңа өткізу нарықтарына шығу жөніндегі жұмысын жалғастыра береді.

Societatea Natională Nuclearelectrica S.A. (SNN) – ядролық отын өндірумен айналысады. Сондай-ақ Румынияда энергия өндірудің шамамен 20% қамтамасыз ететін Чернаводск атом электр станциясының операторы, Румынияның электр энергетикасы және жылумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік компаниясы.

Қазақпарат