Қазақы ит енді заңмен қорғалады

Қазақы ит енді заңмен қорғалады

       Тазы мен төбет бұдан былай заңмен қорғалады. Мемлекет басшысы «Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту туралы» заңға қол қойды.

       «Еліміздің көп аймағында тазы мен төбеттің толық жойылу қаупі туындады. Оның негізгі себебі генетикалық ғылыми зерттеулердің болмауы, мемлекеттік қолдаудың жоқтығы». Азаматтар осылай деп дабыл қаққан соң бұл іске Президент араласты. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақы тазы мен төбетті сақтау жұмысын қолға алуды тапсырған соң тиісті заң жобасы әзірленді. Құжатты мәжіліс өткен қарашаның соңында мақұлдаған еді. Сол кезде қазақы ит тұқымдарын сақтауға 1 млрд 400 млн теңге жұмсалатыны  айтылды.

       Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы «Қылмыстық, қылмыстық-процестік кодекстерде және Әкімшілік кодексте экологиялық құқық бұзушылықтар мен вандализм үшін жауапкершілікті күшейту», әрі «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңдарға қол қойды    

        Ақпарат дереккөзі