фото: Фото: ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті заңнаманы бұзу белгілерін анықтады.
Келісім шарттарының бірінде тек "Қазақтелеком" АҚ-дан телекоммуникация қызметтерін алудың эксклюзивтілігін қамтамасыз ету болған. Яғни, үшінші тарап байланыс операторларының қызметтерін ұсыну үшін салынған желілер мен телефон желілерін пайдаланбау, сондай-ақ шартты/келісімді/мәмілені өзге байланыс операторларымен жасаспау/бұзбау.
Осыған байланысты Агенттіктің Астана және Алматы қалаларындағы департаменттері "Қазақтелеком" АҚ және "BTcom infocommunications" ЖШС-не Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екендігі туралы хабарламалар берді. Оған сәйкес, олар бәсекелестікке қарсы тік келісімді бұзып, келісімнің жоғарыда аталған ережелерін алып тастауы қажет болды.
Өз кезегінде "Қазақтелеком" АҚ және "BTcom infocommunications" ЖШС Хабарламаны орындады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через