TRT Түркияның бұрынғы премьер-министрі, Демократиялық партияның төрағасы болған марқұм Аднан Мендерестің есімі Қазақстанда мәңгі сақталады. Қазақстанның ірі қалаларының бірі Алматыда әкімнің шешімімен көшеге Аднан Мендерес есімі берілді, деп хабарлайды «Түркия Радио Теледидар» ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, Алматы әкімдігі мен Алматы облыстық мәслихатының мәлімдемесінде қаланың Алатау ауданы Нұркент бөлігіндегі жаңа көшеге Аднан Мендерес есімін беру туралы шешім қабылданғаны хабарланған болатын. Аталған БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, Қазақстан азаматтары марқұм Аднан Мендересті 1930-1950 жылдары Қытай езгісінен қашып, босып жүрген қазақтардың Түркияға келіп қоныстануына көмектескені үшін оны жоғары бағалайды.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қарашасында Ыстанбұлда өткен Түрік Мемлекеттері Ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде марқұм Аднан Мендересті еске алған болатын. Тоқаев Аднан Мендерестің Түркиядағы қазақтардың өмірінде маңызды орын алғанын айтып, алғыс білдірген еді», деп түйіндейді түркиялық TRT.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через