фото: drive2.ru
Жаз маусымы басталар алдында елімізде әлеуметтанушылар арнайы сауалнама жүргізді.
Соның нәтижесіне сүйенсек, 4000 респонденттің 25%-ы демалысын елде, 17%-ы шетелде, 13% қала сыртында өткізуді жоспарлаған екен. Ал қалған 45% жағдайына байланысты ел аумағынан шыға алмайды, яғни қыдыруға қаражаты жетпейтінін айтқан.
Standard.kz порталының тілшілері де алматылықтар арасында сауалнама жүргізді. Еліміздегі ең ірі мегаполис тұрғындары қайда, қалай және кімдермен демалатынын, сонымен қатар демалысқа қанша қанша қаражат жұмсайтындарын мәлімдеді.
Алматылықтардың жауабын мына видеоматериалдан ести аласыздар. Егер алып-қосарларыңыз болса, пікір жазыңыздар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через