Енді Қазақстанда халқы 10 мың адамнан аз қалалар ауыл мәртебесіне ауысады.
«Халқы 10 мың адамнан асатын аудандық маңызы бар қалаларда, халқы 5 мың адамнан басталатын ауылдарда тұрғындарды тарту және ауылдың қоғамдық-мәдени тыныс-тіршілігі орталықтарын – Community center (қоғамдық орталық) ұйымдастыруды көздеу қажет, онда кітапханаларды, акт залдарын, әкім аппаратын орналастыруға, электрондық мемлекеттік көрсетілетінқызметтерді алу үшін жағдай жасауға, сондай-ақ тұрмыстық көрсетілетін қызметтердің басқа салаларын орналастыруға болады. Бұл нысан жергілікті қоғамдастықтың коллаборация (ынтымақтастық) орнына айналуға тиіс», – делінген құжатта.
Бұл қаулы үш қалаға қатысты:
• Степняк 3,8 мың адам;
• Темір 2,1 мың адам;
• Жем 1,5 мың адам.
«Ірі 17 ауыл бойынша олардың ауыл мәртебесіне сәйкестігі туралы мәселе тұр, мысалы, Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылы – 54 мың адам, Түркістан облысындағы Қарабұлақ ауылы – 50 мың адам, Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылы – 47 мың адам және басқа да ауылдар», – делінген құжатта.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через